Бүгінде облыс орталығында «Тараз – қауіпсіз қала» жобасы жүзеге асуда.

108

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында қолға алынған жоба шеңберінде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Айталық, күні кеше жоба аясында қалалық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен арнайы акция өтті. Жастар мен волонтерлар, қоғам белсендісі, қалалық мәслихаттың депутаты қатысқан шара барысында шаһар көшелері мен үйлердің қабырғаларында есірткі құралдарын жарнамалайтын сайттардың сілтемелері анықталып, толығымен өшірілді. Жалпы шараға 50-ге жуық волонтер тартылып, солардың күшімен бүгінге дейін 40-тан астам графитти жазулары жойылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.