Бүгін қандай жолдарда қозғалыс шектелді

67

istockphoto

https://turkystan.kz/article/271521-bugin-qandai-zoldarda-qozgalys-sekteldi
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Компанияның мәліметінше, 23 қараша сағат 04:30–да Ақмола облысында күннің бұзылуына (температураның төмендеуі, көктайғақ) байланысты республикалық маңызы бар КАZ02 «Астана — Көкшетау (айналма жол) — Петропавл — РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті) 19-231 (Астана қ. — Щучинск қ.) учаскесінде барлық көлік түрі үшін жылдамдық 140 шақ/сағ-тан 80 шақ/сағ-қа дейін төмендетілді.

Бұған қоса, үш облыста көлік қозғалысы шектелген.

Павлодар облысы

«Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман — Ақсу» көлік айрығы арқылы (ұзақтығы 6 шақырым) және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Солтүстік Қазақстан облысы

«Тимирязево — Сарыкөл — облыс шекарасы» автожолының 0-30-шақырымында (Қостанай облысы шекарасы — Тимирязево ауылы) көліктің барлық түрі үшін шектеу бар.

Шығыс Қазақстан облысы

Тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы Осинов асуында уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде сақталады.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/271521-bugin-qandai-zoldarda-qozgalys-sekteldi

Leave A Reply

Your email address will not be published.