Бүгін Астанада жалпықалалық сенбілік өтті

86

Бүгін, 29 сәуірде елордада «Жасыл Астана» бір айлық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті деп хабарлады turkystan.kz.

Сенбілікке 62 мыңнан астам астана тұрғыны, еңбек ұжымдары, мемлекеттік орган қызметкерлері және бизнес өкілдері қатысты.

«Өзімізге берілген аумақты тазалап, қап-қап қоқыс жинадық. Жыл сайын осылай қала аумағын қоқыстан тазартып тұрамыз. Осы сенбіліктің арқасында ұжымның рухы оянды деп айтуға болады. Сонымен қатар бір-бірімізді басқа қырымыздан тани алдық. Қала тұрғындарын тазалыққа, сенбілікке шығуға шақырамын. Қаланың таза болуын – қоршаған ортаға деген құрмет деп білемін», – дейді сенбілікке шыққан «Астана Су Арнасы»  компаниясының қызметкері Әсем Толымбекова.

Қаланы жалпы тазалау кезінде бес ауданның әрқайсысына ағаштар мен бұталар отырғызылды.
Сенбілік барысында елордадан мың тоннадан астам қоқыс жиналып, шығарылды. Қаланың 3,3 млн шаршы метрден астам жері тазартылды.

Бүгін Астанада жалпықалалық сенбілік өтті

Айта кетейік, елордада 8 сәуірден 6 мамырға дейін «Жасыл Астана» дәстүрлі экологиялық айлығы өтеді. Оның аясында коммуналдық және жалпықалалық бірнеше сенбілік ұйымдастырылады.https://turkystan.kz/article/221511-bugin-astanada-zhalpykalalyk-senbilik-otti/

Leave A Reply

Your email address will not be published.