Бүгін 7 облыстағы республикалық жолдар жабылды

37

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 243 арнайы техника мен 322 маман жұмылдырылды

Бүгін сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 7 облыстағы 8 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады ҚазАвтоЖол компаниясының баспасөз қызметі.

Абай облысында  — «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 615-768 шақырым аралығы (Аягөз қаласы — Жетісу облысының шекарасы).

— «Таскескен — Бақты — ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы «Алматы — Өскемен» автожолынан — Үржар а.).

Атырау облысында — «Атырау-Орал» автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы — Махамбет ауылы);

Шығыс Қазақстан облысында — «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы — Ұлан а. бұрылысы).

Жетісу облысында  — «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысында — «Астана-Қарағанды-Алматы» автожолының 1505-1854 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін)

Қостанай облысында — «Жезқазған-Петропавл» автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін);

Ұлытау облысында — «Жезқазған-Петропавл» автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 243 арнайы техника мен 322 маман жұмылдырылды.

фото: istockphoto.com

https://turkystan.kz/article/256959-bugin-7-oblystagy-respublikalyk-zholdar-zhabyldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.