Азық-түліктің ішіне телефон жасырып кіргізбек болған

203

Таразда түзеу мекемесіне тыйым салынған зат кіргізбек болған азамат қолға түсті. Оқиға Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне бағынысты №25 мекемесінде болған.

Тәртіп бұзушыны жедел ақпарат бойынша мекеменің жедел бөлім, режим бөлім қызметкерлері және 5513 әскери бөлімінің қабылдап-тексеру бақылаушылары анықтаған. ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған заттарды мекемеде жазасын өтеп жатқан С. есімді туысына азық-түлік беру үшін келген А. есімді азаматтың сәлем-сауқатының арасынан тапқан. Нәтижесінде ылғалды майлық пен бөлкен нанның ішіне сотталғандар пайдалануға және сақтауға тыйым салынған 2 дана ұялы телефон мен олардың қуаттаушы құрылғысы жасырылғаны белгілі болған.

Осылайша, А. есімді азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасады.

Аталған дерек бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, материалдар Тараз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына қарау үшін жіберілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.