«Азық-түлік корпорациясының» басшылары ұсталды

95

«Азық-түлік корпорациясының» басшылары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, стратегиялық шикізат-астықты жымқыруға жол бермеу мақсатында «Азық-түлік келісім-шарттық корпорациясы» ҰК» АҚ қызметінде жемқорлық құқық бұзуды анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Жемқорлықта Продкорпорация өңірлік филиалдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының бірқатар басшысы ұсталды. Астық ұрлау фактісін жасыру үшін пара беру әрекеті кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның көмекшілері қолға түсті», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар жасалған қылмысты жасыру әрекеті кезінде астық базаларының бұрынғы директоры мен оның серіктестері пара беруге әрекет жасағандар әшкереленді.

Қазір күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Астана қаласында Қаржы департаментінің директоры мен «Азық-түлік корпорациясы» АҚ бас менеджеріне қатысты тергеу аяқталды.

«Тергеу барысында олар бидай түрінде тауарлық несие бергені үшін коммерциялық ұйым басшысынан 800 мың теңге сомасында пара алғаны анықталды. Айыпталушылар сотқа тартылды», – делінген хабарламада.

Арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Қостанай облыстық өкілдігінің директоры әшкереленді.

Ол ЖШС өкілінен 100 мың тонна бидай көлемінде тауарлық несие алу мәселесін оң және кедергісіз шешкені үшін 350 мың теңге сомасында пара алды деп күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу жүргіп жатыр.

 

https://turkystan.kz/article/233636-azy-t-lik-korporaciyasyny-basshylary-staldy

Leave A Reply

Your email address will not be published.