Азық-түлік бағасын көтерген кәсіпкерлер жауапқа тартылды

114

Маңғыстауда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстемеақысын 15%-дан асырғаны үшін 20 кәсіпкерлік субъекті иелеріне әкімшілік хаттама толтырылған деп хабарлады turkystan.kz.

Өңірде былтыр бағаны тұрақтандыру бойынша бірқатар шара қолға алынған.

«Аптасына екі рет баға белгілеу тізбегінің делдалдық схемаларын тергеп-тексеру жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өткізілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының үстемеақысын 15%-дан асырғаны үшін 20 кәсіпкерлік субъекті иелеріне әкімшілік хаттама толтырылды. Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы бар тауарларды белгіленген бағамен сатуға 10 кәсіпкерлік субъектісіне 8 түрлі азық-түліктің 3816,2 тоннасын өндіруге немесе жеткізуге келісім-шарт жасалды, – деді Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Жанна Тоқбаева.

Сондай-ақ «Айналым механизмі» бойынша 9 түрлі азық-түліктің өнімін жеткізуге 738,4 млн теңгеге төмен пайызбен қарыз берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.