Азық-түлік бағасы партия бақылауында

177

Жамбыл облысында азық-түлік бағаларын бақылау бойынша «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанынан құрылған МОНИТОРИНГ тобы өз жұмысын бастады. Арнайы құрылған топ бірқатар сауда орындарына барып, халық көп тұтынатын азық-түлік бағаларына қоғамдық бақылау жүргізді.
Топ алдымен «MART» ойын-сауық кешенінде орналасқан «Magnum» сауда орталығына бас сұқты. Сондай-ақ, 2 ықшам аудандағы «Корзинка», «Арай-2» ықшам ауданындағы әлеуметтік дүкендердегі 19 түрлі азық-түлік тауарларының қоры мен бағасын зерделеді. Аталған сауда орындарына азық-түлік қоры жеткілікті мөлшерде жеткізілген. Азық-түлік бағаларының белгіленген мөлшерден ауытқуы байқалған жоқ.
Қоғам белсенділері мен мәслихат депутаттарынан құрылған топ дүкендердің жауапты өкілдеріне азық-түліктің сапасына мән беру, халық күнделікті тұтынатын тауарлардың тұрақты түрде жеткізілуін қамтамасыз ету туралы ұсыныстарын жеткізді.
Алдағы уақытта базарлар мен кіші сауда орындарына да азық-түлік бағасына байланысты қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары жалғаса береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.