Азия чемпионатында қазақстандық балуандар 8 медаль жеңіп алды

68

Иордания астанасы – Амман қаласында грек-рим күресінен өтіп жатқан Азия чемпионатында еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 8 медаль алды, деп хабарлады turkystan.kz.

ҚР Күрес федерациясы баспаөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжоловтың айтуынша, жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық балуандар 3 алтын, 2 күміс және 3 қола алды.

Ел құрамасынан Диас Маратов (48 келі), Досбол Шәміл (57 келі) және Әбілмансұр Ахалбек (68 келі) жеңімпаз тұғырына көтерілді. Ал Мәрлен Мейірбекұлы (62 келі) мен Аянбек Ибраев (85 келі) күміс алса, Сұлтан Мәулітханов (38 келі), Сұңқар Зарап (44 келі) және Дамир Ақан (52 келі) үздк үштікті түйіндеді.

Енді бүгін қыздар сайысқа түссе, ертең еркін күрес шеберлері жүлделерді сарапқа салады.

https://turkystan.kz/article/227700-aziya-chempionatynda-kazakstandyk-baluandar-8-medal-zhenip-aldy/

Leave A Reply

Your email address will not be published.