АЖЫРАС(амыз)ПАЙМЫЗ! 

47
Бір келіншек ажырасамын деп төркініне кетіп қалыпты. Шешесі сұрамай ма:
—- Не себеп,-деп.
—-Жұрттың байындай уақытында үйде болмайды. Күнде кеш келіп, содан үйде үнемі жанжал, ұрыс-керіс,шаршап кеттім.
—-Осы ғана ма себебі?
—-Иә, бұндай адаммен тұра алмаймын.
—-Жарайды, өзің шешесің, бірақ менің бір ақылым бар. Жақсылы-жаманды 2-3 жыл сол шаңырақтың асын іштің, енді барып соңғы рет сол үйге нан пісіріп кет. Бірақ ол үйден ешқандай продукт алма. Ұн, тұз, тіпті суға дейін жан-жағындағы көршілерден алатын бол.Сол нанмен ата-енеңмен бір шай іште төркініңе орала берсең болады.
Келіншек келісіпті де, оралып көршісіне кіреді бір ожау су сұрап.
—-Ау, өздеріңде құдық бар емес па, тағы бір-ақ ожау, түсінбедім ғой.
—- Түсінбейтін несі бар. Осылай да осылай, ажыраспақ болып шешеме барып едім, сол шешемнің айтқанын орындап жүрмін.
— Ойбуй, сен менің байымды білмейсің ғой. Уақытылы үйде болғаны құрысын. Үйге көк тиын әкелмейді, енемнің пенсиясын, балалардың жәрдемақысынан жырып соның қарызын төлеп отырмыз картаға салған,-деп жырлай жөнеліпті көршісі.
Тұз сұрап барған екінші көршінің қатыны да себебін білген соң оталып кетіп:
— -Ойбай, сен үйге келтіре алмай жүрсең, біз кетіре алмай жүрміз. Екі күннің бірінде қол көтеріп көкала торғайдай болып жүрміз,-деп зарлай кетіпті.
Үшінші ұн берген қатын да өз күйеуін іске алғысыз ғып тастаған ғой.
Қойшы,қысқасы содан нанын пісіріп, ата-енесімен шайын ішіп отырып звондап былай — дейді:
— -Мама, мен ажыраспайтын болдым. Ауылымыздағы ең күшті бай, менің байым екен,-депті !……

Leave A Reply

Your email address will not be published.