Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

307
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауда кәсіпкерлік мақсатта жер алу, тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу, уақытша үй-жайға орналасу және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын айтып, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Бірқатар мәселелер бойынша бақылауға алып, жан-жақты зерделеп, жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.