Айнұр Тұрсынбаева оқырмандарына қалай баюға болатынын айтты

92

Айтыскер әрі коучтың сөзіне сенсек, адамдардың кедей болуына өздері кінәлі.

«Өмірді өзгертуге болады десе, сенбейміз. Кедей болып тудық, кедей болып өстік, кедей болып өмір сүре береміз деп ойлаймыз. Бірақ жан–тәнімізбен бай болғымыз келеді. Бай болып жатқандардың әрекетін қайталағымыз келмейді. Сонда бізді байытпай, артқа тартып жатқан кім екен?! Өзіміз ғой, мойындайықшы, – деді ол.

Сонымен қатар ол ақша тауып жатқандардың бәрін алаяқ санамау керегін еске салды.

«Біздің жаман жеріміз, мәңгі өмір сүретіндей жүреміз. «Спортпен айналысу керек еді», «Диета ұстау керек еді» деп бәрін кейінге шегереміз. Біреу жақсылыққа шақырса, алдап жатқандай күдіктенеміз. Ақша тауып жатқандар алаяқтар сияқты көрінеді. «Отбасымды сақтап қалдым, керемет бақытқа кенелдім» деп біреу жазса, қуанудың орнына, «өзінің танысына жаздырып отыр» деп сенбейміз, – дейді Айнұр Тұрсынбаева.

 

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.