Есепті кезеңде жамбылдық спортшылар республикалық жарыстарда 201 алтын, 211 күміс, 254 қола медальды иеленді, – деп хабарлайды «AraiNews» ақпарат агенттігі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда облыс көлемінде 2133 спорт нысаны жұмыс атқаруда. Сондай-ақ, таяу арада 25 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін мен 50 спорт алаңшасының құрылысы қолға алынады.