Қазақстан – энергетика саласында тап қазіргі сәтте үлкен әлеуеті бар ел. Елімізде табиғи ресурс көп. Мұнай, газ, көмірді айтпағанда, уран қоры да мол. Қазақстан уран өндіруден әлемде жетекші орында екені анық. Сонымен қатар ҚР Энергетика министрлігінің 2024 жылғы ресми мәліметінше, Қазақстан табиғи уран қоры бойынша әлемде 2-орында тұр. Бұл нені білдіреді? Демек еліміз АЭС салу үшін өзін-өзі қажет шикізатпен қамтамасыз ете алады деген сөз.
Светлана Кужаназарова, Сарысу аудандық этно мәдени «Әулие – Ата» жетекшісі