Автомектептер Ішкі істер министрлігінің рұқсатымен ғана ашылатын болады. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.
Оның атап өтуінше, жол қауіпсіздігі саласында цифрлық шешімдер енгізіліп жатыр. Нәтижесінде 19 мың жүргізші әкімшілік қамауға алынып, 22 адам жүргізуші куәлігінен айырылды.
— Осыған қарамастан жолдардағы жағдай күрделі. Апаттың бірнеше себебі бар. Жүргізушілердің дайындық деңгейі төмен. Олар жылдамдықты асырып, басып озу кезінде тәуекелге барады. Рульде ұйықтап кетеді, — деді Ержан Сәденов ІІМ-де өтіп жатқан Үкімет сағатында.
Министрдің атап айтуынша, 2018 жылдан бері автомектептерде мемлекеттік бақылау жоқ.
— Бәрін орнына қоямыз. Өткен жылы өздігінен дайындықты жойдық. Барлық автомектепті есепке алдық. Курстар туралы куәлік пен медициналық анықтаманы электронды форматқа ауыстырдық. Автомектептерді ашу кезінде рұқсат беру тәртібі бойынша түзетулер енгіземіз, — деді ол.