Ауызсу мен газ тарту ісі кідіріссіз жүргізілуде

632

Талас ауданында барлығы 23 елді мекен мен 1 қала бар. Аудан әкімі Досмаханбет Алиевтің айтуы бойынша, бүгінгі таңда оларды газдардыру және ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды жүруде.

– Қазіргі таңда Қаратау қаласы мен 14 ауылдық елді мекеніне газ құбыры тартылған. Жалпы алғанда, елді мекендердің 62,5 пайызы газдандырылған.

Жалпы газ құбыры тартылған 14 елді мекеннің 9 елді мекендегі 1563 үйдің газға қосылғаны 1554 үй, яғни 97 пайызды құрайды.

Бұдан бөлек, Талас ауданының 5 елді мекені – Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал және Қайырға таратылатын газ құбырын салуға 2018 жылы 2 млрд. 344 млн. 588 мың теңге бөлінген, 2019 жылы 220 млн. 840 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды. Аталған  елді мекендерде ішкі газ тарату желісінің құрылысына облыстық бюджеттен 100 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Ақкөл, Қызыләуіт және Ақтөбе елді мекеніне газ құбырын жеткізу ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Жобаның құны 3 млрд. 221 млн. 700 мың теңгені құрайды. Бүгінгі таңда облыстық энергетика баскармасы арқылы Энергетика Министрлігіне бюджеттік өтінім берілген, – дейді аудан әкімі.

Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалар бойынша аудандағы 23 ауылдық елді мекеннің бүгінгі күні 13-і немесе 18 793 адам ауыз су жүйесіне қосылған. Сол сияқты Қаратау қаласы ауыз су жүйесіне 100 пайыз қосылған.

12 елді мекендегі 20632 адамның 16760 адамы ауыз сумен қамтылған. Жалпы 23 елді мекендегі  25018 адамның 16760 адамы қамтылып отыр.

Есейхан ауылында су құбыры жүйесінің құрылысына 2018 жылға 302 млн. 201 мың теңге бөлінген, 2019 жылы жұмыстарды аяқтауға 303 млн. 359 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Сметалық құны 620 млн. 857 мың теңге. Сонымен қатар, Қасқабұлақ ауылындағы су жүйесінің құрылысына 767 млн. 178 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Мердігер  «Fortis» ЖШС. Бұдан бөлек, Майтөбе ауылы су жүйесінің құрылысына 111 млн. 111 мың теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жоба құны 336 млн. 707 мың теңге.

– Қаратау қаласындағы нысандарға ауыз судың сервистік жүйенің қалпына келтіру нысанының құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен 62 млн. 892 мың теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды.

Қаратау қаласының су жүйесінде екі проблемалық нысандар бойынша жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Көктал су қоймасынан шығатын 32 шақырымды құрайтын су құбыры және «Кирпичный» су қоймасынан «Игілік» кәсіпорнының жылу қазандығына дейін 4,6 шақырымды құрайтын су құбыры. Жалпы жобалардың құны 3 млрд. 420 млн. 19 мың теңгені құрауда.

1963 жылы пайдалануға берілген Көктал су қоймасынан шығатын 32 шақырымды құрайтын су құбырының тозығы жеткен. Бұл бойынша облыстық бюджеттен 11 млн 609 мың. теңге бөлініп, ЖСҚ жасалынды, жоба құны 2 млрд. 848 млн.300 мың теңге.

Қаратау қаласының орталық жылу қазандығына жылыту маусымында су алатын «Кирпичный» су қоймасынан «Игілік» КМК-ның жылу қазандығына дейін 4,6 шақырымды құрайтын су құбырының тозығы жеткен. Аталған су құбыры 1984 жылы пайдалануға берілген. Сол себепті резервті су құбырын тарту үшін облыстық бюджеттен 11 млн. 365 мың теңге бөлініп, ЖСҚ жасалынды. Жалпы жобаның құны 571 млн. 719 мың теңге, – дейді Досмаханбет Қасымұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.