Бейнежазбадан маңдайшасында «Оразаларыңыз қабыл болсын» деген жазуы бар палатка құрылғанын және онда көп адамға дастарқан жайылғанын көруге болады. Сондай-ақ ауызашар уақыты болған сәтте халықтың жапа тармағай үстел басына жүгіріп, отырып жатқаны көрсетілген.
Оқиға нақты қай жерде болғаны белгісіз. Бірақ желі қолданушылары Алматыдағы орталық мешіттің ауызашары екенін жазып жатыр.