АУЫЛДЫ ДАМЫТУ — ӨЗЕКТІ ТАҚЫРЫП

245
«Мен аймақтарды, оның ішінде ауылды өркендету ісіне ерекше мән беремін. Былтыр Президент сайлауынан кейін, ең алдымен, ауылды дамыту мәселесіне арналған Жарлыққа қол қойдым. Үкімет алдағы 5 жылда ауылды дамытуға айрықша күш салатын болады.
✅ Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Елге еңбегі сіңген көрнекті тұлғалардың басым көпшілігі ауылдан шыққан. Біз елімізді өркендетеміз десек, ауыл мектебінің жай-күйін жақсартуды мықтап қолға алуымыз керек. Бұл жұмысты «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының аясында кешенді түрде жүзеге асыру қажет. Яғни, мектеп салу, күрделі жөндеу жүргізу және оны жабдықтау жұмысын тиісті деңгейде атқару маңызды.» деген сөздер ел президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркістандағы ұлттық құрылтай төрінде сөйлеген сөзі көпшіліктің көңілінен шықты. Бұл құрылтайды Байзақ ауданының халқы да қолдайды. Президенттің бірнеше бағытта айтылған ұсыныстары менің де өз ойымнан шықты деуге болады.
✅ Ұлттық құндылықтар мен идеологиялық жұмыстарды жастар арқылы күшейтуде аса мəн беру керек екендігін баса айтты. Өте дұрыс айтты. Жастар елдің ертеңі. Сол себептен бақытты болашақтың кепілі бүгінгі жастар үшін маңызды.
✅ Жағымпаздықтан гөрі жасампаздыққа, бос сөзден гөрі нақты іске көшетін уақыт келді.
✅ Партия мүшелері президент Қасым Жомарт Кемелұлының құрылтайдағы сөздерін жүз пайыз қолдайды жəне жарқын болашаққа сенім артады.
Бағдат Момынов

Leave A Reply

Your email address will not be published.