АУЫЛДАРДЫ ДАМЫТУ — БАСТЫ МАҚСАТ

73
Аудан әкімі С.Мамытовтың халықпен есеп беру жиыны Түркістан ауылдық округінде өтті. Кездесу барысында аудан басшысы ауылдық округте атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жұмыс жоспарын баяндады. Сондай — ақ, ауылдағы көтерілген мәселелер бойынша жасалып жатқан жұмыстарды айтты.
2025 жылы Түркістан ауылдық округінде ауқымды жұмыстар жасалмақ.Атап айтсақ, Қаратас елді мекеніне газ құбыры тартылатын болады, сондай ақ, ауылда шағын футбол алаңшасын соғылады. Ә. Бүркітбаев ауылындағы «Туған өлкем – Түркістан» стелласының айналасында жаңа саябақ құрылысы жүргізіледі. Ә. Бүркітбаев ауылына кірсе беріс жолдың бойына жасыл белдеу орнатылады.Ә. Бүркітбаев ауылындағы саябақтарға бейне бақылау камералары орнатылады. Бұдан бөлек, округ бойынша ЖСҚ әзірленіп, мемлекеттік сарапатамадан өткен жобалар да бар.Түркістан — Үшбас бағытындағы 6 шқ жолды жөндеуден өткізу, Түркістан – Арыстанды бағытындағы 12,5 шқ жолды жөндеуден өткізу, Үшбас ауылындағы Жерұйық пен Майбұлақ көшелерін асфальт салу, Үшбас ауылындағы «Қамыр әулие» кесенесіне дейін 2,1 шқ аумаққа шағал тас төсеу және Ә.Бүркітбаев ауылындағы Ә.Бүркітбаев көшесіне (қотырқыстақ) 1 350 метр асфальт салу жобалары іске асады.
Кездесуде аудан әкімі С.Үмбетұлы: — Ауданға қарасты ауылдық округтерге бар жағдайды жасау — басты міндетіміз. Осы орайда, бірқатар шаруалар шешілді. Алда атқаратын жұмыстар көп. Сондықтан, ауылдарды дамытуға бар күш — жігерімізді саламыз, — деді. Мұнан соң аудан басшысы тұрғындарды жеке мәселелер бойынша қабылдады. Жалпы, ауыл тұрғындары аудан әкімінің есебіне оң бағасын беріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.