Ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдады

101
«AMANAT» партиясы аудандық филиалының саяси кеңес мүшесі, «Партиялық бақылау» комиссиясының төрағасы Мұхамеджан Асемов Нұрлыкент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауыл тұрғындарының ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Кездесу барысында Мұхамеджан Асемов сайлауалды бағдарламасы аясында аталған округте 180 орындық мәдениет үйі пайдалануға берілгендігін атап өтті. Сонымен қатар биылғы жылы да үш көше орта жөндеуден өткізілетіндігін жеткізді.

Жиын соңында тұрғындар өз ұсыныс-тілектерін айтып, арыз-шағымдарын жеткізді .

Бақытжан Бекболат

«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының баспасөз хатшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.