Ауыл тұрғындары алғысын білдірді

198
Биылғы жыл Қызылқайнар ауылдық округі үшін табысты жыл болды. Жыл басында аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлының тұрғындармен өткен кездесуінде көптеген көшелер қараусыз қалғанын, жөндеу көрмегенін жұртшылық аудан басшысына жеткізген болатын. Басқосуда аудан әкімі көтерілген мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өткен еді.
Сөзден-іске келер болсақ, округ әкімі Төрехан Тапжановтың айтынша, Қызылқайнар ауылының Жамбыл, Дегерес, Тараз, Бейсеу молда, Тәуелсіздік, С.Орманов, Ә.Жанболатов, Ақжар, Бәйдібек ата, Діңгек, Бірлік, Жаңақұрылыс, С.Есжанов, Сарыбұлақ, К.Тілманбетов, Қарасай барлығы 16 көшеге асфальт төсемдерін төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс жүргізуші мекеме «Мерей Строй Инвест» ЖШС. Қазіргі таңда асфальт төсеу жоспарланған 16 көшенің 14 көшесінде аяқталған. Қалған 2 көшеге қиыршық тастар төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төсеу жұмыстарына дайындалған. Сонымен қатар биылғы жылы аудандық маңызы бар автомобиль жолы Жасөркен- Қызылқайнар елді мекендерін жалғайтын жолда жөнделген.
Құрылыс қайнаған ауылдағы игілікті істерге ауыл тұрғындары да алғысын білдіруде.
— Жолдың қажеттігін жүргізушіден артық ешкім біле бермейді. Қаншама жыл жаңбырлы күні лаймен де жүрдік. Оқушыларда жолсыз мектепке барып жүрді. Биыл ауылдың ажары ашылып қалды. Балаларымыз тегіс жолда велосипед теуіп, қызық көріп жүр. Ауыл азаматтарының өтінішін назарға алған аудан басшысына, ауыл әкіміне тұрғындар атынан алғысымды білдіргім келеді, — дейді зейнеткер Сейткасымова Ульмескамал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.