АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ 8,5% ЖАҢАРДЫ

187
Ағымдағы жылдың 9 айында 1069 дана ауыл шаруашылығы (8 комбайн, 261 трактор және 800 дана басқа да техникалар) техникалары алынып, нәтижесінде облыстағы техникалардың орташа жаңару көрсеткіші 8,5% құрады. Оның ішінде, Меркі ауданында — 10,3%, Қордай ауданында — 9,9%, Байзақ ауданында — 9,2%, Жамбыл ауданында — 9,1%, Т.Рысқұлов ауданында — 8,6% құрап отыр.
Биылғы жылы 1800-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, жаңару көрсеткішін 15%-ке жеткізу көзделген.
Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау да жүзеге асырылып, техника алған агроқұрылымдар тарапынан түскен 397 өтінімге 1,5 млрд. теңге субсидия төленді.
Қазіргі уақытта техникаларды жаңарту мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.