АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ 7,8% ЖАҢАРДЫ

143
Ағымдағы жылдың 9 айында 955 дана ауыл шаруашылығы (12 комбайн, 176 трактор және 767 дана басқа да техникалар) техникалары алынып, нәтижесінде облыстағы техникалардың орташа жаңару көрсеткіші 7,8% құрады. Оның ішінде Мойынқұм ауданында – 9,6%, Меркі ауданында – 9,4%, Т.Рысқұлов ауданында – 9,2%, Жамбыл ауданында – 8,7%, Қордай ауданында – 8,1% құрап отыр.
Биылғы жылы 1300-ден астам ауыл шаруашылығы техникаларын алу арқылы, жаңару көрсеткішін 11%-ке жеткізу көзделген.
Жалпы ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартуды ынталандыру мақсатында мемлекеттік қолдау да жүзеге асырылып, техника алған агроқұрылымдар тарапынан түскен 419 өтінімге 1,5 млрд. теңге субсидия төленді.
Қазіргі уақытта техникаларды жаңарту мен мемлекеттік қолдау шаралары жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.