Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі

57
Таразда әлеуметтік базарда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті.
Тараз тұрғындарының ауыл шаруашылығы өнімдеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік базар алаңында өткізіліп жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов аудандары мен Тараз қаласы тауар өндірушілерінің және тұрақтандыру қорының өнімдері жеткізілген.
Жәрмеңкеде жалпы құны 22,2 млн. теңгені құрайтын 45,8 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары сатылуда. Оның ішінде 10,5 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 2,5 тонна шұжық өнімдері, 3,4 тонна сүт өнімдері, 12 мың дана жұмыртқа, 0,6 тонна кондитерлік өнімдер мен 3,5 тонна макарон өнімдері, 0,1 тонна тұз, 0,7 тонна балық, 7,0 тонна ұн, 1,6 тонна бал және 15,9 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.