“Ауыл аманаты”: Сарысу ауданындағы 5 ауылдық округке 3,8 млрд. теңге бөлінді

104

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданындағы жұмыс сапары барысында «Нұртілеу» АШК-нің жүгері алқабымен танысты.

Құрамында үш мүшесі бар ауыл шаруашылығы коперативінің 558 гектар егістік, 100 гектар шабындық, 10468 гектар жайылымдық жері бар.

АШК биыл 135 гектарға жүгері, 125 гектарға жоңышқа еккен.

Коператив басшысы Нұртілеу Оспанов “Ауыл аманаты” жобасы аясында 21 дана ауыл шаруашылық техникасы мен агрегаттарын алғандығын жеткізді.

Егістік алқап басында аймақ басшысына “Ауыл аманаты” жобасы аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Бұған дейін Байқадам, Жайылма ауылдық округері жобаға енсе, ендігі кезекте Жаңаталап, Игілік, Жаңаарық ауылдық округтеріне тиісті қаржы қаралуда. Жалпы, жоба шеңберінде аудан 3,8 млрд. теңге бағытталған.

Бес ауылдық округтегі 865 аула жобамен қамтылуда десек, 874 жаңа жеке кәсіпкердің іске қосылуы көзделуде.

Сондай-ақ, облыс әкімі Донда Сенбир атындағы орта мектеп ғимаратымен танысты.

Бұдан соң Нұржан Нұржігітов Жайылма ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен кездесу барысында аймақ басшысы ауылдықтардың сұрақтарына жауап беріп, облыс, аудан деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Кездесуден кейін облыс әкімі тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Жамбыл облысы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.