АУЫЛ АМАНАТЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЛАЙ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

82
Осы аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында кезекті аппараттық кеңес өтті. Аппараттық кеңесті аудан әкімі Әлихан Балқыбеков ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе ауданның бірқатар ауылдық округтерінде жүріп жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасының атқарылу барысы болды.
Осыған орай Бірлік ауылдық округінің әкімі Қуаныш Оспанов, Қызылтал ауылдық округінің әкімі Жәнібек Айдарқұлов, Қызылотау ауылдық округінің әкімі Жандос Қуантаев және осы жобаның жұмысын жүргізуші бөлім – аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қуандық Төлеубековтер кезек-кезек бағдарлама бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы баяндады.
Өз кезегінде аудан әкімінің осы салаға жетекшілік етуші орынбасары Ержан Әмірханов әр баяндамаға қосымша түсінік беріп отырды.
Келесі кезекте 2023 жылғы күзгі әскерге шақыру барысын баяндау үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау тобының бастығы Нұрсұлтан Өсербаев аудан көлемінде Ұланбел ауылдық округінде науқанда тапсырыс толығымен орындалмағанын жеткізді.
Жиын соңында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамаларды қорытындылап, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

 

Елдос ЕРҒАБЫЛҰЛЫ,
«Мойынқұм таңы».

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.