АУҒАН СОҒЫСЫ ҰМЫТЫЛМАС ЖАРА

74
Осы аптада аудандық орталық кітапхананың «Коворкинг» орталығында 15 ақпан – Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ауған соғысы – ұмытылмас жара» атты тақырыпта Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кешке Ауған соғысының ардагерлері Несіпбай Әбдіраманов, Серғали Үйрекбаев, аудандық ардагерлер, қоғамдық кеңестерінің төрағалары Жұманазар Көдеков, Сағынғали Аманов, ауданның төбе биі Жамбыл Қалыбаев, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімі бастығының орынбасары, капитан Айдархан Сәрсенбеков, «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы Манарбек Көшкімбаев, мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысты.
Кездесу барысында сөз алған Ауған соғысының ардагері Несіпбай Әбдіраманов, еңбек ардагерлері Жамбыл Қалыбаев, Жұманазар Көдеков, Сағынғали Аманов, әскери қызметкер Айдархан Сәрсенбеков, партия белсендісі Манарбек Көшкімбаев Ауған соғысы зұлымдық, жазықсыз төгілген қан, тарих жылнамасында қаралы, нәубет жылдармен қатар орын алғанын, мұндай жағдай енді қайталанбаса деген ойларын айтты. Қазіргі кезде ел арасында еңбек етіп жүрген ауған соғысының ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетуіміз керек,- деді олар.
Кеш барысында саз мектебінің ұстазы Ғалымжан Иетаев жетекшілік ететін «Мұрагер» ансамблі «Мереке», «Ерке сылқым» күйлерін, Ернұр Жаманқұл баянмен «Полюшка поле», Еркежан Төрехан «Ана-әке, Жанерке Жұмағұл «Шаттанамын», Мөлдір Серік «Қазақстан» әндерін құйқылжыта нақышына келтіріп орындады. Кеш соңында кітапхана әдіскері Сая Күлекеева ауған соғысының ардагерлеріне естелік сыйлық тапсырды.
Жолдыбай ДӘМЕТОВ,
Мойынқұм ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.