Әуежай маңындағы заңсыз берілген жерлерді қайтарып алу керек – Смайылов

67

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов азаматтық авиация саласындағы мәселерге тоқталып, Индустрия министрлігіне бірқатар тапсырма жүктеді деп хабарлады turkystan.kz.

«Индустрия министрлігі Қаржы министрлігімен, әкімдіктермен және әуежайлармен бірлесіп, әуежай инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жол карталарын әзірлеу қажет. Сонымен бірге, әкімдіктермен бірлесіп, әуежайлардың маңындағы заңсыз берілген жер учаскелерін алып қою жұмыстарын жүргізу керек. Энергетика министрлігімен және «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, авиакеросин өндірісін ұлғайту мәселесін пысықтау қажет. Сондай-ақ, авиаотын нарығындағы делдалдық схемаларды болдырмау жөніндегі жұмыстарды күшейту қажет», – деп тапсырма жүктелі Премьер-Министр.

Бұған қоса, Әлихан Смайылов Индустрия министрлігіне динамикалық баға белгілеу мәселесін пысықтауды тапсырды. Бұл жоғары сұранысты тек кіріс көзіне айналдыру мүмкіндігін шектеу үшін маңызды.

https://turkystan.kz/article/224458-euezhay-manyndagy-zansyz-berilgen-zherlerdi-kaytaryp-alu-kerek-smayylov/

Leave A Reply

Your email address will not be published.