АУДАНҒА ЖАҢА ПРОКУРОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

238

Бүгін Қуатбеков Қайыржан Еркінбекұлы Шу ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

Облыс прокуроры Нұрғалым Мәжитұлы өңірдегі құқық қорғау саласының басшылары мен аудан активіне ауданның жаңа прокурорын таныстырып, алда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын жеткізді. Сондай-ақ Шу ауданы облысымыздағы үлкен аудандардың бірі екенін тілге тиек етіп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын соңында аудан әкімі Сәкен Арубаев Қайыржан Еркінбекұлын жаңа қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ аудан әкімі Мемлекет басшысы тарапынан прокуратура органдарына жүктелген міндет ауқымды екенін атап өтіп, жаңа қызметке тағайындалған Қ.Еркінбекұлының саладағы кәсіби тәжірибесі жоғары екеніне тоқталды.

Өз кезегінде жаңадан тағайындалған аудан прокуроры алдағы уақытта аудан әкімдігімен бірлесе жұмыс атқарып, артылған сенімді ақтауға, ел мүддесі үшін адал қызмет етуге, заң үстемдігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды сапалы үйлестіруге күш салатынын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.