Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі басшысының 2024 жылғы 14 қазандағы бұйрығымен «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Пірімбек Мадина Қайратқызы тағайындалды.
Ұжымға жаңа басшыны Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлбике Салимова таныстырды.
Пірімбек Мадина Қайратқызы 1992 жылы 23 қазанда Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында дүниеге келген.
2012 жылы Жаңатас көпсалалы колледжін «Есептеу техникалары мен автоматтандырылған техникаларды бағдарламамен қамтамасыз ету» мамандығы және 2015 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы «Жастар тәжірибесі» бойынша аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінде бастаған. 2013 жылдың қаңтар-шілде айларында «Сарысу аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері орталығы «Жас дәурен» жастар денсаулық орталығында программист, 2013-2017 жылдары Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде инспектор қызметтерін атқарған.
2017 жылдан осы уақытқа дейін «AMANAT» партиясы Сарысу аудандық филиалында консультанты болып қызмет атқарып келді.
Отбасылы, 3 бала тәрбиелуде.