АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ

89
Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркеновтың төрағалығымен аудандық алқа мәжілісі өтті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы» Жаңатас қаласының әкімі Илияс Домалақов және «Жаңатас Су-Жылу» КМК директоры Әбутәліп Абилов баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Аудандағы тұрғын үймен қамту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудан әкімдігінің тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Темірлан Абдраевтың есебі тыңдалды.
Сондай — ақ күн тәртібінде қосымша мәселелер бойынша мекеме, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің атқарылған жұмыстары тыңдалып, тиісті шешімдер қаралды.
Аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Өмірғалиұлы бірқатар анықталған кемшіліктерді қалыпқа келтіру бойынша жауапты басшыларға тапсырмаларды жүктеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.