Бүгін Сарысу аудандық мешітінде 2000-ға жуық тұрғынға елімізде оның ішінде аудан аумағында алып жатқан түрлі келеңсіз жайттар мен жазатайымдарға байланысты “құдайы ас” беріліп, құран оқылып барша жамағат дұға жасады.
Аталған игі шараға облыстық мешіттің найб имамы Н.Бақытұлы және облыстық мешіттің “Дін мен дәстүр” бөлімінің меңгерушісі Ғ.Амирбеков қатысты.
Сонымен қатар, жаны жайсаң азаматтар тарапынан ірі қара мен ұсақ малдар құрбандыққа шалынып, әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға және аудандық аурухана мен инфекциялық аурухана бөліміне піскен тағамдар таратылды.