АУДАН ОҚУШЫЛАРЫ «ТАУ САМАЛЫ» ЛАГЕРІНЕ КЕЗЕКТІ ДЕМАЛУҒА АТТАНДЫ

263
Жаз мезгілінде жазғы лагердің балалар үшін маңызы зор. Лагерь — тәрбие ошағы.
Балалардың лагерде танымы кеңейіп, ой-өрісі өрістейді. Жаңа достар табады.
Бүгін қала сыртындағы жазғы лагерге, атап айтқанда, Жуалы ауданындағы «Тау самалы» лагерінің үшінші маусымына ауданнан балаларды салтанатты жағдайда шығарып салу рәсімі өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов, Сарысу ауданының Құрметті азаматы Тыныштық Бектөреева, тиісті сала басшылары, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Шара барысында Сарысу ауданының Құрметті азаматы, еңбек ардагері Тыныштық Бектөреева сөз сөйлеп, демалуға бара жатқан балаларға аналық ақ батасын беріп, ақ жол тіледі. Балалардың жақсы тынығып, лагердегі шараларға белсенді атсалысып, демалысын қызықты әрі көңілді өткізулеріне тілектестігін білдірді.
Айта кету керек, лагердің үшінші кезеңіне аудандық білім бөлімі тарапынан 150, «Еврохим» ЖШС- тарапынан 50 бала аттанды. Осы кезеңге дейін «Тау самалы» лагеріне ауданнан 300 бала демалып қайтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.