Бүгін аудан әкімі Әлихан Балқыбеков Жамбыл, Мойынқұм ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті.
Жамбыл ауылдық округіндегі Абай орта мектебінің мәжіліс залында өткен кездесуде тұрғындар ауыз су, егін су, көшелерді жарықтандыру, электр жарығының нашарлығы және білім бөліміне қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
Ал, Мойынқұм ауылдық округі аудандық Мәдениет үйінде өткен басқосуда ауыл әкімі Мақсат Мыңбаев сөз алып, алдағы жоспары мен және проблемалық мәселерді айта отырып,шешу жолдарын талқылады.
Қос елді мекен тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлерді Әлихан Әбіләшұлы мұқият тыңдап, барлығына да жауап берді. Халықтың айтқан әрбір ұсынысын үнемі назарда ұстап, олардың оңтайлы шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
Ауылдарда өткен кездесуде аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Бақыткүл Қалымбетова 21-35 жас аралығындағы жастарға берілетін несие туралы жан-жақты баяндап берді. Сонымен қатар бірнеше бағдарламаларға өзгеріс енгізілгенін атап өтті.
Ауылдық округтерде өткен жиынға негізінен аудан әкімінің орынбасарлары С. Төлегенов, Е. Әмірханов, аудан прокуроры І. Тойшыбеков, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ж. Тохабаев және тиісті мекеме, бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.