Əні-міне дегенше күздің қазан айы ортасынан асып, күн суытып, ызғар келе бастады.
![]()


Аудан жұртшылығы қыс маусымына дайындығын қарқынды жүргізіп жатыр.
Әлеуметтік нысандарға, көпқабатты тұрғын үйлерге жылу берілді. Жылытуға қажетті сұйық отын, мазут, көмір қамтамасыз етілген.![]()

Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов жылыту маусымының басталу барысын тексерді.
Байқадам ауылдық округіндегі білім мекемелері мен Саудакент ауылдық ауруханасының, сондай-ақ, қатты отынмен жылытылатын Жаңатас қаласындағы Д. Қонаев және Абай орта мектептерінің қазандықтарын, отын сақтайтын орындарын аралап көрді.![]()

— Қылышын сүйретіп келе жатқан қыс мезгілінің басталатын уақыты алыс емес. Аудандағы барлық әлеуметтік нысандар жылы болу керек. Әрбір мектептегі оқушылар жылы сыныптарда отыруға тиіс, — деген аудан басшысы тиісті сала басшыларына, әрбір жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді .![]()
