АУДАН ӘКІМІ ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

191
Бүгін Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев жетінші шақырылымдағы өкілеттілігі аяқталған аудандық мәслихат депутаттарын қабылдады.
Кездесу барысында аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев өткен жетінші шақырылымдағы мәслихат депутаттарының жұмыстарын атап өтіп, олардың ауданды дамытудағы бірігіп атқарған жұмыстарына ризашылығын білдірді.
— Ауданның саяси, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық, мәдени өміріне қатысты маңызды ауқымды жұмыстар атқарылды, мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл дегендей, осының барлығында сіздердің де еңбектеріңіз еселі. Жергілікті атқарушы органдардың өздеріңізбен бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесі. Сіздерге бірлескен табысты жұмыстарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін, – деді аудан басшысы өз сөзінде.
Сонымен қатар кездесуде аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымдағы депутаттары А Сейналиев, Л. Нұрмаханова, Р. Қамбарбаева, Е Көлбаев сөз алып мәслихат қабырғасында жүрген кездегі әріптестерінің жемісті жұмысын атап өтті. Әріптестерінің алдағы уақыттағы жұмыстарына, өзге де бастамаларына сәттілік тіледі.
Кездесуді қорытындылаған аудан басшысы жетінші шықырылымдағы аудандық мәслихат депутаттарын Алғыс хаттармен марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.