Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың 24 қазан— Кітапханашылар күнімен ҚҰТТЫҚТАУЫ

89
Құрметті кітапханашылар!
Қадірменді сала қызметкерлері!
Баршаңызды бүгінгі кәсіби мереке — Кітапханашылар күнімен құттықтаймын!
Бүгінде өскелең ұрпаққа берілер білім мен тәрбие сапалы болуы қажет. Осы орайда руханият ордасы-кітапхананың алар орны ерекше.
«Мен кітапхананы ақыл-білім, адамгершілік ордасы деп білемін. Ал кітапханашыларды ешқашан жоғалмауға тиісті сол асыл қазынаның сақшылары санаймын» — деп, жазушы Әбіш Кекілбаев айтқандай, кітапхана-оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір болса, кітапханашыларымыз рухани, мәдени сауатты, еңбегі өте қарапайым және маңызды, білімді, өз міндетіне жауапты педагогтар десек артық айтқандық емес.
Ауданда 1 аудандық, 3 қалалық және 22 ауылдық кітапханалар тұрғындарға қызмет көрсетеді. Жыл өткен сайын аудан кітапханаларының материалдық-техникалық базасы нығайып келеді.
Кітапханашыларымыз өз мамандықтарын мақтаныш тұтып, еңбектері еленіп, оқырмандарына рухани байлық сыйлап, жетістіктерімен қуанта беретініне сеніміміз мол.
Қадірлі кітапханашылар!
Сіздерді кітапханашылар күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.
Кітапханалық шеберліктің шыңынан көріне беріңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.