70 жастың асуындағы құрмет!

69
«Ағасы бардың жағасы бар» дейді қазақ даналығы. Байзақ ауданының Құрметті азаматы, ҚР Президентінің «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР Журналистер одағының мүшесі Әзімхан Қилыбаев өмір жолында кішіге ағалық пейілін, ағайынға бауырлық құрметін көрсете білген жан. Еңбек жолын ауылдағы мектепте мұғалімдіктен бастап, Талас пен Байзақтай екі бірдей аудан әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарды. Еткен еңбегі ел есінде, жасаған жұмысы жұрт жүрегінде қалып халықтың алғысына бөленді.
Әзімхан ағамыз ҚР Құрметті Құрылысшысы. Тараз қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшесі. Қазіргі таңда «Құрылыс комплексі және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық қызметкерлері салалық кәсіподағы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы.
Биыл Әзімхан Қилыбаев 70 жастың асуына келіп отыр. Осы мерей тойының қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның Азаматтық қоғамды дамыту жолында аянбай қажырлы еңбек еткені үшін «Алғыс хатымен» марапатталды. Бұл сөз жоқ, адал еңбекке берілген әділ баға. Ағамыздың осынау құрметімен құттықтай отырып, отбасына бақыт, жақындарына амандық, зейнет жасында да талмай еңбек етіп келе жатқан жұмысына тек жеміс тілейміз!

 

Саятхан Сатылганов

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.