АУДАН ӘКІМІ ОРТАЛЫҚ ҚАЗАНДЫҚТА БОЛДЫ

69
Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік және өзге де нысандарды қыс мезгілінде жылумен қамтамасыз етіп отырған қаладағы орталық қазандықтың маңызы өте зор.
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов қалалық қазандықтың жағдайын, ондағы газға ауыстыру жұмыстарының барысын көрді.
Қазіргі таңда орталық қазандықты газдандыру жобасының құрылыс- монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Бұл жұмыстармен мердігер «Интеллект Азия» ЖШС-і айналысуда.
Бүгінгі күнге мердігер тарапынан 4 дана Bosch су қыздыру қазандық қондырғылары, 1 дана Bosch бу қазандығы қондырғылары, желілік сорғылар, түтін құбыры, өзге де қажетті қондырғылар дерлік жеткізілген.
Аудан басшысы мердігерге бұл жұмыстардың уақтылы әрі сапалы атқарылуын керектігін айтып, тиісті сала басшыларына орталық қазандықтың қысқа дайындығын осы кезден бастап қатаң бақылауға алуды тапсырды.

Сарысу ауданы әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.