Құрметті кітапханашылар мен сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Кітапханашылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Кітапханашылар – руханияттың алтын көпірі, қоғамның мәдени және рухани дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген жандар. Кітап – адамзат ақыл-ойының қазынасы болса, кітапхана – сол қазынаны сақтап, келер ұрпаққа жеткізетін киелі орда.
Бүгінде облысымызда жүзеге асып жатқан «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы өскелең ұрпақтың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған игі бастама. Бұл жолда аудан кітапханашыларының еңбегі елеулі екенін ерекше атап өткім келеді.
Сіздер – қоғамның рухани шамшырағысыздар. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт тілеймін!
Кітапханаларымыздың қоры бай, оқырманы көп болсын!