Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.![]()

Қабылдауда тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу, зейнеткерлерге санаторлық- курорттық емдеу орталықтарына жолдама алу мәселесі, төтенше жағдай салдарына байланысты көмек және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.![]()

Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы барлық мәселелер тиісті заңнамалар аясында қарастырылатынын айтып, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Бірқатар мәселелер жан-жақты зерделеп, жұмыс жүргізу үшін бақылауға алынып, жауапты тұлғаларға тапсырмалар берілді.