АУДАН ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

117
Бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауда несие, қайтарымсыз грант алу, тұрғын үй алу, тұрақты жұмысқа орналасу, отын және өзге де жеке мәселелер бойынша тұрғындар болды.
Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған Сәкен Үмбетұлы әр мәселеге жеке тоқталып, заңға сәйкес шешілу жолдарын түсіндірді.
Қадағалауды қажет ететін мәселелер басшылыққа алынып, жұмыс жүргізу үшін жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.