Атырау қаласында халықтың көзінше төбелескен жігіттерге айыппұл салынды деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бұл оқиға 30 қазан күні таңғы сағат 05:58-де Авангард ықшам ауданында орналасқан түнгі клубтың алдында болған.
Видео жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалды. Оқиға орнына бірден патрульдік экипаж жіберілді.
Полицейлер 37 және 26 жастағы екі ер адамды ұстап, медициналық сараптамаға алып барды. Екеуі де мас күйде болған. Сол үшін әрбіреуіне 15 315 теңге көлемінде айыппұл салынды.