Оқиға 11 қазанда, №24 орта мектепте болған. Аймақтық білім басқармасының мәліметінше, 7-сынып оқушылары тарих пәнінен БЖБ тапсырған. Мұғалім тапсырманы орындамай отырған оқушының жанына келіп, не себепті ештеңе орындамағанын сұраған. Оқушы мұғалімді қатты итеріп жіберген, салдарынан мұғалім еденге құлаған. Мектепке бірден оқушының ата-анасы шақыртылып, олар педагогтан кешірім сұраған.
Дәрігер мұғалімге оң қолының көгеруі диагнозын қойған. Ал оқушы мектепте есепке алынып, құжаттары кәмелетке толмағандар ісі бойынша комиссияға жіберілген.