Атырауда кімдерге 2 млн теңгеге жуық қаражат аударылды?

43

Атыраулық медицина қызметкерлері «Өз кәсібінің үздігі» бірінші республикалық конкурсының жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен білгеніміздей, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігінде медицина және фармацевтика қызметкерлерінің арасында «Кәсібінің үздігі» бірінші республикалық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

16 номинация бойынша марапатталған қатысушылардың екеуі — атыраулық. «Стационардың үздік дәрігері» — Атырау облыстық кардиологиялық орталығы директорының хирургиялық қызмет жөніндегі орынбасары және дәрігер-кардиохирург Максат Жантурганов болса, «Медициналық-санитариялық алғашқы көмектің үздік мейіргері» — Геолог емханасының мейіргері Гүлбаршын Махамбетова атанды.

Марапат иелерін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова құттықтап, 2025 жылды «біліктілікті арттыру жылы» деп жариялайтынын атап өтті.

Жыл сайынғы «Кәсібінің үздігі» байқауы — бұл үздіктердің үздіктерін бөліп көрсету мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар барлық медицина қызметкерлері үшін кәсіби өсуге шабыт. 16 номинацияның жеңімпаздары лайықты танылып қана қоймай, 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы алады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

https://atpress.kz/kk/news/densaulyq/atyrauda-kimderge-2-mln-te-gege-zhuyk-k-arazhat-audaryldy?fbclid=IwY2xjawHOKn5leHRuA2FlbQIxMQABHdFpIHRJle7ERnZ-N051V4rJS9Wr-GSahuDfseF_4e4Yuaacfe_bQMF5XA_aem_zLOFVitNZKLvFs2bVJxnXA

Leave A Reply

Your email address will not be published.