Атырауда әйел адамды асқан қатыгездікпен өлтірген…

82

Атырау қаласында 7 ақпан күні жеке үйлердің бірінің ауласында 62 жастағы әйел адамның қатыгездікпен өлтірілгені анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жұрттың жағасын ұстатқан жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ауыр қылмысқа күдікті ретінде марқұмның туысы — 35 жастағы азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Облыстық полиция департментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттен білгеніміздей, қазір тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сұмдық жағдайдың қалай және не себепті орын алғаны әзірге белгісіз.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

https://atpress.kz/kk/news/atyrauda/atyrauda-jel-adamdy-ask-an-k-atygezdikpen-ltirgen?fbclid=IwY2xjawIWvLJleHRuA2FlbQIxMQABHU-QA4VXvGqrYqVA7r-dx7KUhNKVp3j7N1kX9FOfFEa_1ylM5kZ9PlY74w_aem_L7eKccZ6Vn-HeoMwqQepNw

фото ақпарат осы сілтемеден алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.