Атырауда 7 жастағы баланың үстіне ескерткіш құлап кетті

25

Атырауда 7 жастағы баланың үстіне ескерткіш құлап кетті
 istockphoto.com

2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кетіп, ол ауруханада көз жұмған, деп хабарлады turkystan.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап. 

Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалды. Қалалық полиция басқармасында оқиғаның мән-жайын айтып берді.

Оқиға 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағындағы алаңда болған.

2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кеткен. Дене жарақаттарының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды, — деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қазіргі уақытта бұл факт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

https://turkystan.kz/article/245092-atyrauda-7-zhastagy-balanyn-ustine-eskertkish-ku-lap-ketti

Leave A Reply

Your email address will not be published.