Атырау облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

117

дтп 4 адам

17 маусым күні  республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 10 шақырым тұсында Lada Priora және Toyota Camry автокөліктері соқтығысып, жол-көлік оқиғасы орын алды.

Соққы салдарынан Lada Priora автокөлігі өртеніп, 1992 ж.т., көлік жүргізушісі мен 2001 ж.т., жолаушысы, сондай-ақ Toyota Camry автокөлігінің 1972 ж.т., жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, ал 1971ж.т. Toyota Camry көлік жүргізушісі  алған дене жарақаттары салдарынан ауруханада қайтыс болды.


 


“Toyota Camry көлігінің 2 жолаушысы түрлі дене жарақатымен Мақат аудандық ауруханаға жеткізілді”, – деді полиция.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерден тас жолдарда басып озу ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтауларын сұрайды.

https://stan.kz/atirau-oblisinda-zhol-apatinan-4-adam-kaza-tapti-384001/

Leave A Reply

Your email address will not be published.