Атырау облысында су сору жұмыстары кезінде 23 жастағы құтқарушы жігіт қаза болды, деп хабарлады turkystan.kz.
ТЖМ мәліметінше, 29 мамырда Атырау облысы Жылой ауданының Құлсары қаласында су сору бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу барысында Атырау облысы ТЖД №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі 2001 жылы туған азаматтық қорғау сержанты Бейбарыс Жалғасбайұлы Рақым қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
«Төтенше жағдайлар министрлігі Бейбарыс Жалғасбайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Ол өз ісінің кәсіби маманы ретінде есімізде мәңгі қалады. ТЖМ қаза тапқан өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді», — делінген ТЖМ хабарламасында.
https://turkystan.kz/article/243969-atyrau-oblysynda-su-soru-zh-mystary-kezinde-t-arushy-zhigit-k-z-zh-mdy