Атырау облысында мұз ойылып, әйел суға түсіп кеткен

59

Атырау облысында полицейлер мұз ойылып суға түсіп кеткен әйелді құтқарды.

5 наурыз күні Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде әйел мұз ойылып суға түсіп, айқалап көмек сұраған. Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары даусын естіген бойда, жедел әрекет жасаған.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызмет инспекторлары Шынтас Алисұлтан және Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйелді дер кезінде жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/102639/?utm_source=smi24

Leave A Reply

Your email address will not be published.